Мазмұнға өту

QAIRU алғашқы оқу жылының басталуы қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізеді

Астанадағы «Нұр Әлем» сферасы мен EXPO павильондарының түнгі көрінісі

QAIRU кампусы EXPO экожүйесінде — Мәңгілік Ел даңғылы, 55/1

2026 жылғы 3 қыркүйекте Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған жаңа жасанды интеллект университеті — Qazaq AI Research University-дің баспасөз мәслихаты өтеді.

Алғашқы оқу жылының басталуы қарсаңында университет іске қосуға дайындықтың қорытындысын, білім беру моделін және QAIRU дамуының негізгі бағыттарын ұсынады.

Іс-шара аясында жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне, зерттеулерге, индустриямен өзара іс-қимылға және технологиялық экожүйені дамытуға кіріктіруді көздейтін AI-enabled University тұжырымдамасы ұсынылады.

Бағдарламада

  • QAIRU тұжырымдамасы және білім беру моделі
  • Алғашқы қабылданған студенттердің портреті
  • Жеке білім беру және мансаптық траекториялар
  • Студенттердің өз AI-жобалары бойынша практикалық жұмысы
  • Индустриялық серіктестермен ынтымақтастық
  • Халықаралық білім беру және зерттеу серіктестіктері
  • Research басым бағыттары және ғылыми инфрақұрылым
  • Қазақ тіліндегі жасанды интеллектіні дамыту

Презентациядан кейін университет пен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен сұрақ-жауап сессиясы өтеді. Онда AI-кадрларды даярлау, білім беру сапасы, ғылыми қызмет, халықаралық ынтымақтастық және индустриямен өзара іс-қимыл мәселелері қозғалады.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері үшін спикерлермен қысқа жеке сұхбаттар ұйымдастырылады.

Спикерлер

  • Токсанов Сапар Нурахметович

    Qazaq AI Research University ректоры

  • Омирбаев Серик Мауленович

    Qazaq AI Research University бірінші проректоры

  • Жұмахмет Азамат Амантайұлы

    AI жөніндегі проректор

  • Тыныбаева Мадина Аглановна

    Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор

Күні және өтетін орны

  • 2026 жылғы 3 қыркүйек, басталуы — сағат 11:00
  • Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/1, Astana Hub C3.5 блогы

БАҚ өкілдеріне

Қатысуды алдын ала растауыңызды сұраймыз: 8 775 752 57 04, Ажар.

← Барлық жаңалықтар