QAIRU OS
Есептік жазбаны және деректерді жою
QAIRU OS қосымшасы, әзірлеушісі — Qazaq AI Research University. Есептік жазбаларды университет береді, олар қосымшада жасалмайды.
Жоюды қалай сұрауға болады
Корпоративтік поштадан жазыңыз
Университеттің корпоративтік поштасынан info@qairu.edu.kz мекенжайына хат жіберіңіз.
Сұрауыңызды тұжырымдаңыз
Хатта дербес деректерді өңдеуге берген келісіміңізді қайтарып алатыныңызды және QAIRU OS есептік жазбасын әрі онымен байланысты деректерді жоюды сұрайтыныңызды хабарлаңыз.
Жауап алыңыз
Хат алынған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде университет деректерді өңдеуді тоқтатып, оларды жояды немесе, егер сақтау заңмен талап етілсе не орындалмаған міндеттеме болса, дәлелді бас тарту ұсынады. Жауапта қандай мәліметтер сақталатыны көрсетіледі.
Не жойылады
- QAIRU OS есептік жазбасы.
- Есептік жазбамен байланысты дербес деректер, егер оларды сақтау заңмен талап етілмесе және орындалмаған міндеттеме болмаса.
- Мұндай деректер белгіленген тәртіппен жойылады немесе иесіздендіріледі.
Не сақталады
- Сақталуы заңмен, оның ішінде білім беру, бухгалтерлік есеп және мұрағат ісі туралы заңнамамен талап етілетін мәліметтер: мысалы, оқу жазбалары мен құжаттар.
- Орындалмаған міндеттемені орындауға қажетті деректер.
Мұндай мәліметтерді сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Мерзім аяқталғаннан кейін олар белгіленген тәртіппен жойылуға немесе иесіздендірілуге жатады.
Бұл тәртіп ВНД-ПК-16 құжатының 6, 7 және 8-бөлімдеріне негізделген. Құжат орыс тілінде жарияланған.
Құпиялылық саясаты